14
шілде
2022
"Балалардың денсаулығы- ұлт саулығы!"
«Балалардың денсаулығы- ұлт саулығы!»
Ересек топтары
Музыка жетекшісі: Тапаева Г.Ж.
Әдіскер: Махамбетамин М.С.
Тәрбиеші: Даниярова Н.С.
Мақсаты: Бір ортақ мақсатты жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл-әрекетке жаттықтыру. Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. Сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке тәрбиелеу. Күш қуат пен секіргіштікті дамыту.
Көрнекіліктер: кішкене доптар, шелектер, күректер, кубиктер, таяқшалар, кедергілер, кеглилер.
Жүргізуші: - Сәлеметсіңдер ме бүлдіршіндер! Бүгінгі өткелі тұрған «Баланың денсаулығы-ұлт саулығы» атты спорттық ойын-сауығымызға қош келдіңіздер! Ендігі кезекте ортаға сайысқа қатысушы «Күштілер» және «Шымырлар» топтарын шақырайық.
(Балалар бірінің артынан-бірі тізбектеліп қолдарына жалау ұстап кіреді.)
- Енді мен спорттық ойын-сауықтың кезеңдерімен тансытырып өтейін:
1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны.
2. «Күлімде, Күн» ойыны.
3. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны.
- Сайысымызды бастаймыз.
1-ші кезең. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. Ойын шарты: әуе шарларын қолымызға ұстап, кеглилердің арасымен өтіп, межені айналып, қайтарда жүгіп келу.
– Бәркелді балалар не деген шапшаңсыңдар.!
2-кезең. Келесі ойынымыз - Ойнайық та, ойлайықта ойнайық, Күшімізді көрсетейік, сынайық – деп «Күлімде Күн» ойынын ойнайық. Шарты: Кубиктердің арасымен өтіп, шеңберге, шашылып жатқан таяқшалардан күн бейнесін құрастыру.
-Жарайсыңдар балалар қандай әдемі Күн!
3-кезең. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. Ойын шарты: мына қолымыздағы күрекке салынған допты жерге түсірмей шапшаң шелектің ішіне түсіреміз.
-Балалар сендер бүгінгі спорттық ойынға белсенді атсалыстыңдар. Әрқашан биіктерден көрне беріңдер. Осымен «Балалардың денсаулығы- ұлт саулығы» атты спорттық ойын-сауығымыз тәмәмдалды.




