Мейірімді өмір » ГККП Ясли сад № 23 микр.12-4а
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№23 балабақша»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 303-24-41
Әдіскер:
+7(727) 303-24-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
ақпан
2020

Мейірімді өмір


 
"Мейірімді өмір" 
(Мектепалды даярлық тобы №3)
Тәрбиеші: Бабырбай А.М.
Әдіскер: Махамбетамин М.С.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Организованная учебная деятельность 
Білім беру саласы - Образовательная область: «Әлеумет» - «Социум»
Оқу қызметі  - Учебная деятельность: Өзін-өзі тану
Тақырыбы – Тема: «Мейірімді өмір»
Мақсаты – Цель: Адамның рухани-адамгершілік, дұрыс әрекет құндылықтары туралы ұғымдарын тереңдету; қамқорлық, кеңпейілдіклік түсініктерін кеңейту; балалар бойындағы мейірімділік сезімдерін, жақсы қасиеттерін дамыту; жан жылуын сыйлауға, сыйластық қарым -қатынасын тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже – Ожидаемый результат:
Түсінеді – Понимают: Қамқорлық, кеңпейілдіклік түсініктерін игерді.
Қолданылатын көрнекі кұралдар - Демонстрационный материал: үнтаспа, даналық сөздер, гүл, слайдтар.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Біз бүгін адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Бүгінгі сабағымызды шаттық шеңберінен бастаймыз. Қане, балалар, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрып тұра қалайық!
(Балалар шаттық шеңберіне тұрады)
 - Балалар, шеңбер неге ұқсайды? 
(Балалар жауабы)
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар! Шеңбер допқа, күнге, айға, табаққа, жүзікке, алмаға, қарбызға т.с.с. ұқсайды екен. Бәріміз бірге шаттық шеңберін айтайық.
Шаттық шеңбері:
Мейірімді жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық ананы,
Жүрегім оттай жанады.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз.
(Балалар бір-біріне жағымды, мейірімді сөздер айтады)
Бір-бірімізге жылу сыйладық, ал енді орындарымызға отырайық.
Тәрбиеші: Балалар, қазір ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстаңдар. Қол мен аяқты айқастырмаймыз. Біз қазір тыныс алуға жаттығу жасаймыз. Біз тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш сезімін қабылдап,демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі жаман қасиеттерді сыртқа шығарамыз. Қәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тік ұстап. Қолдарымызды тізеге қоямыз.Дем ал...., шығар (ырғақты әуенмен 9-10 рет қайталайды).
Тәрбиеші: Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс-қимылынан табуға болады. Мейірімділік жүректе орналасады, ал мейірімді адамды барлығы жақсы көреді.
-Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
(Балалар жауабы)
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, мейірімділік көрсетудің жолы көп. Алдарыңызда тұрған доп арқылы бір-бірімізге мейірім сөздер айтып көрейікші.
(Балалар мейрімді сөздер арқылы берілген гүлді құрастырады)
Дәйек сөз: Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің дәйек  сөзі: «Жақсылық еткен- алғыс алады»
Мәтінмен жұмыс: «Сары тауық пен балапандары» М.Төрежанов
1.    Әңгіме не туралы?
2.    Сары тауық пен балапандар қайда қалды?
3.    Балапандар неге таласты?
1.    Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
2.    Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
3.    Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?
(Балалар сұрақтарға жауап береді)
Тәрбиеші  Балалар қазір біздер сіздермен отырып, бәріміз тапсырма орындаймыз. Алдарыңызда ағаштар жатыр, сол ағаштарға көңіл күй сыйлаумыз қажет. Сендердің ойларыңызша ағаш қандай қандай болуы керек? Соны бейнелейік.
Ағаштарға көңіл-күй сыйлайық.
(Шығармашылық жұмыстарды орындайды. Ағаштарға түрлі жабсырмалар арқылы көңіл-күй сыйлайды)
Ән айту: Балалар біз де мейірімділік туралы ән білеміз, соны айтайықшы.
«Мейірімділік жолымен».
Тәрбиеші: Бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды. Жақсы бала қандай болу керек? Ол жақсылық жасай білетін, сүйіспеншілігі мол, айналасына қуаныш сыйлайтын бала екен. Жақсылық, сүйіспеншілік, қуаныш сөздерімен таныстық. «Өзін-өзі тану» әлемі арқылы біз жақсы іс жасауға, жақсы бала болуға үйренеміз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив