Әуезов аудандық «Туған ел» тақырыбына арналған балалардың музыкалық байқауы












Байқаудың мақсаты:
«Туған жер» тақырыбын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арасында кеңінен насихаттап, туған жерге деген патриоттық сезімге тәрбиелей отырып, мәдени-рухани құндылықтарға бетбұрыс жасау. Сонымен қатар, аталған байқау арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ортасын қолдай отырып, музыкалық қызығушылығын арттыру.
Көңілді әуенімен жүргізушілер залға кіреді
1-жүргізуші: Қазақстан атамекен, құт қонған жер
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер
Көкорай белестері мақпал кілем
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер
Туған жер-ана қоңыс атамекен
Бауыры талай жаңға болған мекен
Әр ұлттың басын қосқан бір арнаға
Қазақ елі-ұлы ел, менің өлкем
2-жүргізуші: Я люблю Казахстан за прекрасные степи
За высокие горы и шумные реки
За орла, что парит в высоте надо мной
И за солнце люблю, и за в небе покой
3-жүргізуші:I love уou deeply, dear land
Your hills and rivers, lakes and seas
Which gave me always much delight
4-жүргізуші: Уа, халайық, халайық!
«Туған жер» байқауын, бастайық!
Мерекесі бақшаның
Қуанышы бәрінің!
Жүзімізде күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Мерекені біз тойлап
Ән саламыз бәріміз
Ән «Анамның тілі» орындалады
Жүргізуші: Біз балдырған баламыз
Көп тақпақты жаттаймыз
Туған жердің төрінде
Шаттық биін билей біз
Алау болып жанамыз
Би «Мәңгілік ел»
Жүргізуші: Балдай тәтті баламыз
Ақылдымыз, данамыз
Әсем әнге саламыз
Аспаптарда көңіл- күйді ойнаймыз!
Оркестр «Шалқыма»
Жүргізуші: Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын
Алдымызда барлық үміт сақталсын
Тату-тәтті бірлік болсын қашанда
Бейбітшілік өмір халықпен жақталсын
Көрініс «Тәуелсіздік Қазақстан»
1-жүргізуші: Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан!
Елім менің-тірегім
Құшағында гүл атам
Ең даласын егін жапқан
Бар баласын бақыт тапқан
Менің елім-туған жерім
Күн сәулелі-Қазақстан!
2-жүргізуші: Казахстан-земля степная
Очень любим мы тебя!
Море, горы, даль степная-это Родина моя!
Мы с песней солнце встречаем
И день улыбается нам
Мы славим тебя, величаем
Прекрасный , родной Казахстан!
Ән «Атамекен» орындалады