Алтын жүрек анамыз » ГККП Ясли сад № 23 микр.12-4а
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№23 балабақша»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 303-24-41
Әдіскер:
+7(727) 303-24-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
ақпан
2020

Алтын жүрек анамыз


"Алтын жүрек анамыз" атты мәтінді мәнерлеп оқу
(Мектепалды даярлық тобы)
Тәрбиеші: Купенова Д.Н.
Әдіскер: Махамбетамин М.С.

Білім беру саласы - Образовательная область: «Әлеумет» - «Социум»
Оқу қызметі  - Учебная деятельность: Өзін-өзі тану
Тақырыбы – Тема: «Алтын жүрек анамыз»
Мақсаты – Цель: Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі адамгершілік - рухани білім берудің дамуына өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасына тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі кұралдар - Демонстрационный материал: 
Слайд, жүрекшелер, үнтаспа.
Тәрбиеші: Құрметті балалар! Бүгін біз «Өзін-өзі тану» онкүндік аясында өтетін «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысына жиналып отырмыз. Сайысымызды бастамас бұрын, Сара Алпысқызы Назарбаева туралы деректермен, мәліметтермен және де ол кісінің атқарып жүрген қайырымдылық іс-шараларымен танысатын боламыз.
(Сара Алпысқызы Назарбаева туралы слайдтар көрсетіледі. Тәрбиеші слайдта көрсетілген мәліметтер бойынша балаларға сұрақ қояды)
Тәрбиеші: 
  1. Сара Алпысқызы қандай қайырымдылық қорының негізін салушы?
  2. Сара Алпысқызын неліктен Қазақстанның бірінші ханымы атайды?
  3. Сара Алпысқызы қандай сыйлықтардың иегері?
(Балалар жауабы)
 Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі мәнерлеп оқу сайысын бастаймыз. Барлықтарыңызға сәттілік!
1-ші бала:
-Үлкенге иман керек,
 Кішіге иба керек,
 Адамдар бірін-бірі,
 Құрметтеп, сыйлау керек,
 Жастарға білім керек,
 Бәрінде білу керек,
 Азамат болсаң алғыр,
 Анашың:"Күнім"- демек!
 Сол үшін талмау керек,
 Биікке самғау керек,
 Бойыңда бар жақсыны,
 Халқыңа арнау керек.
2-ші бала: 
Ұлан байтақ жері бар,
 Пайдалы қазба кені бар.
 Тәуелсіз ел - Қазақстан
 Көркіне көркі жарасқан.
 
 Тәуелсіз азат елім,
 Туып өскен- байтақ жерім.
 Мәңгі жайнап тура бер
 Қазақстаным менің!
3-ші бала:
 Ғылым таппай мақтан ба?
 Орын таппай баптанба,
 Құмарланып шаттанба,
 Ойнап босқа күлуге.
 Бес нәрседен қашық бол,
 Бес нәрсеге асық бол,
 Адам болам десеңіз.
 Тілеуің, өмірің алдыңда,
 Оған қайғы жесеңіз.
 Өсек, өтірік, мақтаншақ,
 Еріншек, бекер мал шашпақ -
 Бес дұшпаның, білсеңіз.
 Талап, еңбек, терең ой,
 Қанағат, рақым, ойлап қой -
 Бес асыл іс, көнсеңіз.
4-ші бала:
Бәрі де, Ана,
 Бір өзіңнен басталды.
 Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
 Қуандым ба,
 Өзің бар деп қуандым.
 Жыладым ба,
 Өзің жоқ деп жас тамды.
 Бәрі де, Ана,
 Бір өзіңнен басталды.
 Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
 Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
 Жасқандым ба,
 Тек өзіңнен жасқандым.
 Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,
 Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,
 Отанымның өзі сенен басталып.
 Жауларыма жеткен жерден бітеді 
5-ші бала:
Әр күніңе таң болып күле кірем,
 Гүлің болам, бағыңа мың егілем.
 Саған алқа сыйлар ем, қалтам тесік,
 Мөп-мөлдір ғып мойныңа жүрек ілем.
 
 Тыныштығын жанымның түнге ұрлатып,
 Жыр жазамын, бұл – азап, бұл бір бақыт!
 Қиялымның шетінен қиып алып,
 Сырға тағып беремін сыңғырлатып.
Сергіту сәті: Балалар! Алдарыңызда тұрған жүрекшелер арқылы Сара Алпысқызын сипаттайықшы!
(Балалар жүрекшелер арқылы Сара Алпысқызының жақсы қасиеттерін айтады)
Тәрбиеші: Құрметті балалар! Бүгінгі сайыста достық жеңіске жетті. Бір-бірімізді құттықтап қояйық.
Ертеңгілігімізді Сара Алпысқызының ұрпақтарына деген айтқан ғибаратты тілегімен қорытындылайық.
 Қымбатты балалар, мен – Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата-анаңа, айналадағы адамдарға мейрімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата - анаңа ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін».
 «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысымызды аяқталды, сау болыңыздар!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив