«Достық және мен!» Ортаңғы, ересек және мектепалды даярлық топтары » ГККП Ясли сад № 23 микр.12-4а
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№23 балабақша»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 303-24-41
Әдіскер:
+7(727) 303-24-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » » «Достық және мен!» Ортаңғы, ересек және мектепалды даярлық топтары
17
маусым
2022

«Достық және мен!» Ортаңғы, ересек және мектепалды даярлық топтары

Музыка жетекшісі: Тапаева Г.Ж.
Әдіскер: Махамбетамин М.С.
Тәрбиешілер: Джансыкбаева Д.Р.
                         Қуанышбай П.Ә.
                         Купенова Д.Н.

«Достық және мен!»
Мақсаты: «Дос» және «достық» деген ұғымды терең жеткізе отырып , достық сезімін қалыптастыру  мақсатында бір- бірін сыйлауға, қадірлей білуге тәрбиелеу.»
Жүргізуші:                        «Достық керек өмірде,
                                       Ашық сырлы көңілде.
                                       Дос жолдасың болмаса,
                                       Өмір сүру жеңіл ме?» 

 —    Ал балалар сендер өмірдегі сырды, бөлісетін, әркез қасымызда бірге ойнайтын, көмектесетін, қиын кезде қастарыңнан табылатын кім?
 —    Досымыз
 —    Жарайсыңдар, ол- «ДОС». Дос дегеніміз- арқа сүйер адамың. Балалар айтыңдаршы сендердің достарың бар ма?
—    Демек досты ешқашан сатпау керек, бірге күліп, бірге ойнау керек, сыйлап қадірлей білу керек. Балалар сендерге ертегі ұнайма?
 —    Иа
 —    Ендеше сендерге «Дос іздеген Бота» деген ертегіні айтып берейін.
-  «Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейрімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота ақылды болып өседі. Бір күні анасы:
- Анасы: Боташым, мен саған жақсы достан басқасының бәрін  бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қиын, әрі қызық емес
  • Бота өзіне ұқсайтын жалт-жұлт еткен жүні бар, жағымды үні бар дос іздеп шығады. Жайылып жүрген құлынды көріп:
Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.
Құлын: Иһ-һ-һи, кел екеуміз дос болайық.
- Бота: Жоқ, сен сияқты дос емес.
- Құлын: Мүмкін бұзау болар,-деп құлын ботаны шығарып салады.
-  Сөйтіп бота боздап: бұзауға,қодыққа, қозыға, күшікке,  мысыққа  әтешке, қарғаға, бақаға, аяғында араға келеді де боздайды.
- Бота араға келіп:
Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.
- Ара: З-з-з-зз,-кел, екеуміз дос болайық,- деп ара ызылдап  қуа жөнеледі.
- Бота арадан  зорға қашып құтылады.
- Басы салбырап, шаршап бота өз анасына келеді.
- Анасы: - Дос таптың ба?
- Бота: Жоқ анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Тура мен сияқты ешкім жоқ екен.
- Анасы жымиып:
- Анасы: - Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқам, боташым. Досты жан тазалығымен таңдау керек.
-Бота қуанып , адал достары құлынды,  бұзауды, қодықты, қозыны, күшікті, мысықты, әтешті, қарғаны, бақаны ертіп келеді. Ал араны сабырсыздығы үшін қоспаған екен»
 
—    Балалар ертегі ұнады ма?
—    Иа 
—    Түйе ботаны қалай  тәрбиеледі?
—    (балалардың жауабы)
—    Сонда достық адамның кейіпінен емес, түсінен емес, жүрек қалауымен болады екен.
—   Ол өзіне қандай достар тапты?
—   (балалардың жауабы)
—   Араны неге дос қылмады.
—   (балалардың жауабы)
Жүргізуші: Балалар енді боймызды сергітіп бір билеп алсақ.
Би: «Флэшмоб»

Жүргізуші:—    «Жүз ақшаң болғанша,
                       Жүз досың болсын» - демекші балалар кім маған дос туралы мақал-мәтел айтып береді екен?
Бала:                Досы  көппен сыйлас,
                        Досы азбен сырлас.
Бала:                 Досы көпті жау алмайды,
                        Ақылы көпті дау алмайды.
Бала:                 Жақындағы досыңа хат берсең де
                        Жарасар ұмытса есіне алсын деп
Бала:                 Алыстағы досыңа ат берсең де
                         Жарасар үйіне мініп барсын деп

 Жүргізуші:—     «Доссыз адам,
                         Тұзсыз тағам» дейді. 
Сол себепті дос өмірдегі керек адам.
 
Ойын: «Досыңа көмектес»
Шарты: кубиктерді бірінен соң бірі жерге койып арасы 30 см, екі топқа бөлініп, кубиктердің үстімен жүріп өту керек. Кубиктерден өтіп келе жатқан екі жақтың балалары бір- бірін құлатпай қолдарынан ұстап өтеді. Ойын 2-3 рет ойналады.

 Жүргізуші:—    Жарайсыңдар балалар, енді кім «дос» туралы тақпақ біледі
 
 
Бала:                    Мұңайсаң да қасыңда
                            Қуансаң да қасыңда
                            Жақсы достан ешқашан
                            Сырларыңды жасырма
Бала:                    Күнде бірге жүреміз
                            Бірге ойнап күлеміз
                            Бірімізге-біріміз
                            Көмектесіп жүреміз
Бала:                    Біз балдырған баламыз,
                            Досты көп табамыз.
                            Қашан да, қайда да,
                            Бірімізге сенімді боламыз.
Бала:                  Достар бірге жүреміз,
                          Бірге ойнап күлеміз.
                          Бірге балық аулаймыз,
                          Міне, біздер қандаймыз.

Бала:                   Әрқашан дос біргеміз,
                          Ажырамас іргеміз.
                          Ту ғып ұстап бірлікті,
                          Тату тәтті жүреміз.
Би: «Кішкентай үйректер»
Жүргізуші: 1.    Топта екі бала ойыншыққа таласып төбелесіп қалса, сен не істер едін?
 2.    Досың ойнап жүріп құлап, бір жерін ауыртып алады, сен не істейсің?
 3.    Саған анаң үш ойыншық машина сатып алып берді, сол ойыншықты сен балабақшаға алып келдің, достарың сенімен бірге ойнауын өтінді, сен не істейсің?
 —    (балалардың жауабы)
 
 
Жүргізуші:        Досым, досым жан досым,
                       Неге сонша шаршадың.
                                Кане ұста қолымнан,
                                Секір, секір, секірші,
                                Бір серігіп аларсың!
                                               Би: «Көңілді күн»
Жүргізуші: —    Балалар біздер бүгін кім туралы өттік?
                       —    Достық керек пе?
                       —    (балалардың жауаптары)

 Жүргізуші: —    Жақсының әрбір сөзін қайырма,
                             Жасыған жездей болып мойыма.
                             Сыр алмаған біреумен дос болып,
                             Сыр алған досыңнан айырылма!
 —    Жарайсыңдар, бүгінгі кешке өте жақсы қатынастыңдар.
                                               Ән: «Достық әні»

Похожие публикации:

30 сәуір 2021 "Достық" биі
07 ақпан 2020 Мейірімді өмір
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив