«Жасанды интеллект арқылы баланың логикалық және есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар» қалалық семинар туралы мақала «Білім айнасы» журналына жарияланды. » ГККП Ясли сад № 23 микр.12-4а
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№23 балабақша»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 303-24-41
Әдіскер:
+7(727) 303-24-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жасанды интеллект арқылы баланың логикалық және есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар» қалалық семинар туралы мақала «Білім айнасы» журналына жарияланды.
13
мамыр
2026

«Жасанды интеллект арқылы баланың логикалық және есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар» қалалық семинар туралы мақала «Білім айнасы» журналына жарияланды.


Жасанды интеллект арқылы баланың логикалық және есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, КМҚК №23 бөбекжай-балабақшасында «Жасанды интеллект арқылы баланың логикалық және есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар» тақырыбында қалалық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, балалардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін, танымдық қызығушылығын дамыту жолдарын тәжірибе арқылы көрсету болды.

Семинардың шымылдығын балабақша меңгерушісі Курмангалиева Нурзада Есжановна өз сөзімен ашып, қонақтарға жылы лебізін білдірді. Ол өз сөзінде мектепке дейінгі білім беру саласындағы заманауи технологиялардың маңыздылығына тоқталып, балабақшаның жетістіктері мен атқарылып жатқан жұмыстары туралы таныстырып өтті. Сонымен қатар, келген қонақтарға сәттілік тілеп, семинар жұмысына табыс тіледі.

Іс-шара барысында экран арқылы жасанды интеллект жайлы түсіндірме ақпараттар көрсетіліп, оның білім беру саласындағы мүмкіндіктері таныстырылды. Тәрбиеленушілер қолдан жасалған музыкалық аспаптармен оркестр ұйымдастырып, өнерлерін көрсетті. Бұл көрініс көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.
“Сұңқар” мектепалды тобымен тәрбиешісі Тажмағамбетова Айым Сүйеубайқызы шебер сынып «Математика әлеміне саяхат» тақырыбында өтті. Іс-әрекет шаттық шеңбері мен амандасудан басталды. Балалар жыл мезгілдері мен айларды еске түсіріп, өткен тапсырмаларды қайталады. Кейін жасанды интеллект кейіпкері Санжар математика әлемінің бұзылып, қақпалары жабылып қалғанын айтып, балалардан көмек сұрады. Әр тапсырманы дұрыс орындаған сайын қақпалар ашылып отырды.


Бірінші тапсырмада балалар фигураларды ретімен орналастырып, алғашқы қақпаны ашты. Екінші тапсырмада сандарды тура және кері санады. Үшінші тапсырмада артық заттарды анықтады: жерде жүретін аңдардың арасынан акуланы, аспан денелерінің арасынан пиццаны, музыкалық аспаптардың ішінен допты тауып, неліктен артық екенін түсіндірді. Осы тапсырмадан кейін Санжар балалармен бірге сергіту сәтін өткізіп, түрлі қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындады.
Келесі тапсырмада балалар геометриялық пішіндерді салыстырып, заттардың қай пішінге ұқсайтынын анықтады. Соңғы тапсырмада реттілікті жалғастыру жұмысы жүргізілді. Балалар жемістердің орналасу ретін анықтап, келесі қандай жеміс тұруы керектігін тапты. Сонымен қатар, алма пішіндерін қиып, ағаштағы сандарға сәйкес орналастырды. Барлық тапсырмалар сәтті орындалып, балалар математика әлемін «құтқарды». Сабақ соңында балаларға Санжар кейіпкері қобдишадағы тәтті сыйлықтарды табыстады. Бағалау кезеңінде тәрбиеленушілер сабақтың өздеріне қатты ұнағанын айтты.
Семинар аясында қазақ тілі маманы Талапова Ақерке Таланқызы “Қарлығаш” мектепалды тобымен бірге жасанды интеллект арқылы шебер сыныбын өткізді. Балалар білім кілтінің жоғалып кеткенін естіп, түрлі тапсырмаларды орындау арқылы оны қайтаруға көмектесті. Олар түстерді заттармен сәйкестендіріп, шатасқан сандарды ретімен орналастырды және артық заттарды анықтады. Сонымен қатар, көкөністер мен жемістерді ажыратып, өз білімдерін көрсетті.
Сергіту сәтінде балалар асықтармен оркестр ойнап, ерекше көңіл күй сыйлады. Кейін заттардың жұбын табу ойыны ұйымдастырылып, балалар қолғапты қолға, сүйекті итке, бананды маймылға сәйкестендірді. Соңғы есте сақтау ойынында ұяшықтарды ашу арқылы бірдей заттарды тауып, есте сақтау қабілеттерін шыңдады. Нәтижесінде балалар білім кілтін қайта құрастырып шықты. Сабақ соңында балалар өз әсерлерін түстер арқылы білдіріп, барлығы жасыл түсті таңдап, сабақтың түсінікті әрі қызықты болғанын жеткізді.


Музыка жетекшісі Кебирова Гулинор Мухединовна келген қонақтармен тренинг өикізді. Экрандағы сызықтарды қолмен жүргізу тапсырмасы орындалды. Қатысушыларға музыкография әдісі туралы түсіндіріліп, оның балалардың шығармашылық және қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытудағы маңызы айтылды.
Балабақша логопеді Шошабаева Динара Муратовна жасанды интеллект қосымшаларын қолдану жолдарымен таныстырды. Ол қатысушыларға промпттарды дұрыс құрастыруды, сілтемелермен жұмыс істеуді және бағдарламаларды тиімді пайдаланудың тәсілдерін жан-жақты түсіндіріп берді.
Дефектолог маманы Әділ Наргиз Қыдырәліқызы Queen Chat жасанды интеллект платформасымен жұмыс жүргізіліп, көліктер тақырыбында түрлі ойындар құрастырылды. Сонымен қатар, ойындарды жасанды интеллект арқылы қалай жасауға болатыны іс жүзінде көрсетілді. Егер тапсырмаларда қателіктер кездессе немесе кейбір бөліктері дұрыс жұмыс істемесе, оларды түзету жолдары түсіндірілді. Қонақтарды ортаға шақырып, ойындарды өздері ойнап көруге мүмкіндік берілді. Қатысушылар экранға қол тигізбей-ақ, камера арқылы алыстан қол қимылдарын жасау арқылы ойынды басқарып көрді. Бұл әдіс қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Семинар соңында балабақша әдіскері Купенова Данагүл Нурбулатовна пікір алмасу ұйымдастырып, қатысушылар өздерінің қоржындарына жаңа білім мен тәжірибе жинағандарын айтты.
Осылайша, қалалық семинар мазмұнды әрі жоғары деңгейде өтті. Осындай тәрбиелік мәні зор, заманауи технологияларды тиімді қолдануға бағытталған іс-шараны ұйымдастырған КМҚК №23 бөбекжай-балабақшасының ұжымына шынайы алғысымызды білдіреміз. Әрбір қызметкердің еңбегі еленіп, балалардың жан-жақты дамуына қосқан үлесі зор екенін ерекше атап өтеміз. Ұжымға шығармашылық табыс, ынтымақ-бірлік және толағай жетістіктер тілейміз!
Алматы қаласы
Білім Айнасы
Елназ Тұрсынғалиқызы

Tagged with:
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив