Қалалық семинар.Тақырыбы: "ЖИ арқылы баланың логикалық және есте сақтау қабылетін дамытуға арналған ойындар"
Біздің балабақшада «ЖИ арқылы баланың логикалық және есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар» тақырыбында қалалық практикалық семинар өтті.
Цифрлық трансформация кезеңінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі де жаңа белеске көтерілуде. Осы орайда ұйымдастырылған семинар қала педагогтарының басын қосып, жасанды интеллект (AI) мүмкіндіктерін балабақша тәрбиеленушілерінің логикалық ойлауы мен когнитивті дағдыларын дамытуға қалай бағыттау керектігін іс жүзінде көрсетті. Шараны ашқан балабақша меңгерушісі Н.Е. Курмангалиева өз сөзінде: «Біздің мақсатымыз – технологияны тек тұтыну емес, оны баланың жан-жақты дамуына қызмет ететін тиімді құралға айналдыру», – деп атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік ғылыми-техникалық орталығының қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығының әдіскері Ж.Б. Сатыбалдиева мектепке дейінгі ұйымдардағы цифрландырудың маңыздылығына тоқталып, жаңашыл педагогтардың бастамасына қолдау білдірді.
![]() | ![]() | ![]() | ![]() |
![]() | ![]() | ![]() | ![]() |
![]() | ![]() | ![]() | ![]() |











