Қалалық МДҰ педагогтары арасында "Бестемше" ойын-сайысы. Игра-соревнование "Бестемше" среди педагогов ДО. » ГККП Ясли сад № 23 микр.12-4а
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№23 балабақша»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 303-24-41
Әдіскер:
+7(727) 303-24-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қалалық МДҰ педагогтары арасында "Бестемше" ойын-сайысы. Игра-соревнование "Бестемше" среди педагогов ДО.
29
қазан
2025

Қалалық МДҰ педагогтары арасында "Бестемше" ойын-сайысы. Игра-соревнование "Бестемше" среди педагогов ДО.

Мектепке дейінгі ұйымдарда ұжымдық рух пен серіктестікті қалыптастыру - тәрбие мен білім сапасын арттырудың маңызды бөлігі. Осы мақсатта Алматы қаласы, Әуезов ауданы №23 бөбекжай-балабақшасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында ұлттық ойынға негізделген қалалық жарыс ұйымдастырылды. «Бәріміз бірге мықтымыз» деп аталған бұл шара ұжым мүшелерін бір арнаға тоғыстырып, бірліктің, өзара қолдаудың және сенімді серіктестіктің үлгісін көрсетті.
Шараның басты мақсаты - педагогтердің шығармашылық белсенділігін арттыру, ұлттық мәдени құндылықтарды дәріптеу және біртұтас тәрбие идеясын ұжымдық ортада жүзеге асыру болды.
Іс-шараға қалалық мектепке дейінгі ресурс орталығының әдіскері Лунара Масакбаева және мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қатысты.
Қатысушылар төрт топқа бөлініп, «Бестемше» ойынын ойнады. Әр топ өз ұранын айтып, бірлік пен жеңіске деген жігерін танытты. Ойын барысында қатысушылардың бір-бірін қолдауы, топтық серіктестігі мен көтеріңкі көңіл-күйі шараның басты рухын айқындады. Сайыста күлкі мен қуаныш, қызықты сәттер мен шынайы эмоцияларға толы көріністер орын алды.
Нәтижесінде тартысты ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды – «Қыран» тобы, екінші орынды – «Жұлдыз» тобы, ал үшінші орынды – «Сұңқар» тобы иеленді. Барлық қатысушыларға арнайы медальдар мен дипломдар табысталып, еңбектері мен белсенділіктері үшін алғыс білдірілді.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив