ҰОҚ «Туған жер - алтын бесігім» бейнетаспасы
«Туған жер – алтын бесігім»
Мектепалды даярлық тобы
Әдіскер: Асылбаева А.Т.
Музыка жетекшісі: Алишева А.А.Тәрбиеші: Джансыкбаева Д.Р.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Күні: 22. 11. 2018
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Туған жер-алтын бесігім»
Мақсаты:
Білімділік: Өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту. Туған жер, Отан туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Балалар сөздігін молайту, сөздерді байланыстырып, сөйлеуді қалыптастыра отырып туған жерге арналған тақпақтарды мақал –мәтелдерді жатқа айтқызуға үйрету.
Тәрбиелік: Туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, балаларды Отан сүйгіштікке баулу.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: Туған жердің атауын, астанасын, елбасын, өздері тұратын қала туралы әңгімелеп беруі.
Түсінеді: Туған жері, Отаны адам өміріндегі ең қымбат құндылығы екенің , туған өлкенің тарихы туралы , асты-мұнайға, үсті адами рухани құндылыққа толы екенің
Қолданады: Картемен жұмыс жасауды, туған жер туралы ән, тақпақтар айтады.
Методикалық әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, көрсету, түсіндіру
Сөздік жұмыс: Республика, Рәміз, Ту, Елтаңба, қыран құс, тұлпар, бәйтерек
Көрнекілік: Слайдтар, Қазақстан Республикасының картасы
Поллингвальды компонент: Отан – Родина-Motherland;алма-яблоко-аpple мақта-хлопок- cotton,күріш- рис-rice ,балық- рыба–fish мұнай- нефть-oil, көмір- уголь- coal, бидай- пшеница -wheat.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастыру кезең
Қазақстан атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.
Көкорай белестері мақпал кілем,
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.
Туған жер- ата қоныс атамекен
Бауыры талай жанға болған мекен
Әр ұлттың басын қосқан бір арнаға
Қазақ елі -ұлы ел, менің өлкем
Я люблю Казахстан за прекрасные степи
За высокие горы и шумные реки
За орла, что парит в высоте надо мной
И за солнце люблю, и за небо покой
Балалар жалаушалармен залға кіреді
Отан деген - атамекен .
Отан деген туған жер
Отан -ана
Отан - үлкен
Қазақстан туған ел!
Ты цвети Казахстан, расцветай,
Наш любимый и солнечный край
Будь прекрасна родная земля!
Цвети, расти наш Казахстан,
Қазақстан Респуликасының Мемлекеттік Гимні орындалады
Балалар орындарына отырады:
ІІ. Негізгі бөлімі.
Тәрбиеші:
Отан біздің сүйікті отбасымызбен бірге тұратын үйіміз, туған жеріміз, ауылымыз, айналаны қоршаған табиғатымыз.
Достарым айтындаршы біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалардың жауабы:
Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы. Отан -Родина –Мазэланд
Қазақстан республикасының елбасы кім?
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
Қазақстан Республикасының бас қаласы Астана қаласы.
Қазақстан Республикасының рәміздерін кім айтады?
Елтаңба -Герб, Ту –Флаг, Гимн
Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторы кім? Елтаңбада қандай элементтер бейнеленген?
Мемлекеттік елтаңбаның авторлары әйгілі сәулетші Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлибеков.
Елтаңбаның орталық элементі – шаңырақ. Шаңырақ бастуы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, болашақ үміт артар жасұрпақтыңарманығ самғау биігі. Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдызы бар.Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады.Елтаңбаның төменгі жаңында «Қазақстан» деген жазуы бар.
Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы кім?
Қ.Р мемлекеттік туында қандай элементтер бейнеленген?
Қ.Р мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков
Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды- көк, ортасында күн шуағы. Астында қыран құс ұшып келе жатыр. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың өмірі күндей жарқырап, қырандай самғай берсін дегені.
Тәрбиеші:Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін әнімен сөзін жазған кім?
Сөзін жазған Н.Ә. Назарбаев, Жұмекен Нәжмединов, әнін жазған әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқов.
Музыка ойнайды осы кезде сақ ханшайымы келеді
Сақ ханшайымы: Мен қай елге, қай жерге келдім?
Балалар:Сіз Қазақстан еліне ,Қазақстан жеріне келдіңіз
Сақ ханшайымы: Достарым мен көне сақ тайпасының ханшайымымын.
Тәрбиеші: Сақ ханшайымы хош келдіңіз, Біздің сыйлы қонағы болыңыз!
Сақ ханшайымы: Мен сендерге менің заманымдағы көне жәдігерлерді алып келдім.Осы жәдігерлер туралы не білесіндер?
Тәрбиеші: Біздің балалар бәрін біледі, қанекей көрсетіңіз, айтып көрейік.
- Торсық – теріден жасалған,ертоқымнын басына ілгенге қолайлы, оның ішіне түрлі сусындар құйған ол сусындар бұзылмайтын себебі шайқалып бір қалыпты болып тұрады.
- Тостаған – қымыз, айран ,шұбат құйып ішетін шұңғыл ыдыс.Ол ағаштан жасалынған
Кесе –қыштан жасалынған су ішетін ыдыс
Қасық- ағаштан жасалынған ас ішу үшін қолданылатын бұйым
Қамшы- қайыстан сегіз өрім болып өрілетін құрал. Малдың басын қайыруңа арналған құрал
Домбыра – көне заманнан келе жатқан сазды әуендер орындайтын муз аспап
Сақ ханшайымы:Тамаша достарым бәрін біледі екен
Сақ ханшайымы:Мен сендерге киіз үй әкелдім.
Қазақ халқы көшпенді халық болған. Қыста қыстауға, жазда жайлауға көшіп қонған. Киіз үйді құрастырып тез жинауға болатындықтан оны өздерімен бірге алып жүрген.
Осы киіз үйдін жабдықтарын атап беріндерші?
Тәрбиеші: Ал енді мен сендерге осы киіз үй туралы айтамын.
Киіз үй негізгі төрт бөліктен тұрады. Негізгі бөлігі қасиетті шаңырақ, кереге, кереге мен шаңырақты қосып тұратын уық, және есік. Киіз үйді киізден жасаған, жабумен жауып, ұлттық өрнекпен өрнектелген бау тағылады. Шаңырақты жауын шашыннан қорғайтын түңдігі болады. Түндік түнгі уақытта, күннің суық мезгілінде шаңырақты жабатын жабу. Киіз үйдің ішін ою-өрнекпен безендірген. Түс киіз, текемет, сырмақтармен безендірген. Үй жиһаздары сандық, ағаш төсек, көрпе, жастықтар тәрізді заттармен толтырған.
Тәрбиеші: Сақ ханшайымы бізге қонақ болыңыз
Сергіту сәті:
Қазақ халқы салт – дәстүрлерге бай халық. Қандай салт дәстүрлерді білесіңдер? Қане кім айтады?
Балалардың жауабы:
«Шілдехана» -бала дүниеге келген кезде жасалынатын той. «Бесікке салу»
«Қырқынан шығару» бала дүниеге келгенде қырық күннен кейін шашын, тырнағын алып жасалынатын той.
«Тұсау кесу» бала тәй-тәй басып алға қадам басқанда жасалынатын той Тұсауын кескенде көк шөппен, ала жіппен, тоқішек пен кеседі.
«Атқа мінгізу» баланың бұғанасы қатты деп, ат тізгінін тартты деп атқа мінгізу тойын жасаған.
Ал Отан туралы қандай мақал мәтелдер , тақпақтар білесіңдер?
Отан оттан да ыстық.
Родина земля – золотая колыбель
Отансыз адам –ормансыз бұлбұл
Человек без Родины - соловей без леса
Отанды сүйген отқа жанбайды, суға батпайды.
Орағың өткір болса, қарың талмайды.
Отаның берік болса, жауың алмайды.
Елдің ерлігі елінен танылар,
Елдің байлығы жерінен табылар
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан
Елім – менің тірегім
Құшағында гүл атам
Казахстан - земля родная
Очень любим мы тебя
Море, горы, даль степная-
Это родина моя!
Алтын заңның аясында
Құлпырамыз гүл болып
Отан- ана аясында
Жарқыраймыз күн болып
Ең даласын егін жапқан
Бар баласын бақыт тапқан
Менің елім – туған жерім
Күн сәулелі Қазақстан
Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алғанына 27 жыл болды. ҚР-ның елбасының халқына деген жолдауында Рухани жаңғырудың ең негізгісі, санамыздың жаңғыруы деп – атап өтті. Қазақстан мемлекеті қазба байлыққа, өзен көлдерге , ну орманға бай ұлан байтақ еліміз, жеріміз бар. Қанекей достарым ҚР –ның қандай үлкен қалаларын білесіңдер?
Балалардың жауабы:
Тәрбиеші: Достарым отанымыздың бас қаласы Астана қалаласы.Астана қаласының қандай әдемі, көрнекті ғимараттарын білесіңдер?
Балалардың жауабы:
Ақ- Орда, Достық сарайы, Бейбітшілік сарайы, Бәйтерек
Тәрбиеші: Достарым бәйтеректің биіктігі 97 метр себебі бәйтеректі 97 жылы салған
Картамен жұмыс.
Тәрбиеші: Біздің мемлекетіміз қазба байлықтарға бай .
Музыка әуенімен балалар залға кіреді
- Сары алтынға бөленген, бидайға толы ен далам!
- Жұпар иісі аңқыған алмасымен әйгілі.
- Қойға толы қорасы, тонмен тұмақ тігілген
- Сары майы, бал қаймақ бізге берер сиыры
- Жылу сыйлап баршаға Қарағанды. Ақсайы
- Әлемге атын шығарған мұнайы бар тағыда
- Алтын күміс, мысқа бай кең даламда мол қазба!
Қорытынды:
Достарым бүгін сендер отанымыз туралы не білдіндер, нені естеріне сақтадындар? не сендерге ұнады? Біздің отанымыз Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет, мемлекетімізде 120 -дан астам түрлі ұлт өкілдері тату тәтті ынтымақты тұрып жатыр. Басқа ұлт өкілдері бүгін бізге қонаққа келді.
«Атамекен» әні орындалады