30
июнь
2022
«Нұр-Сұлтан мәңгі жас қала!»
«Нұр-Сұлтан мәңгі жас қала!»
Барлық топтардың қатысуымен
Музыка жетекшісі: Тапаева Г.Ж.
Методист: Махамбетамин М.С.
Тәрбиешілер: Кажмуратова М.Б.
Турганова У.Н.
Қуанышбай П.Ә.
Даниярова Н.С.
Жүргізуші: Армысыңдар! Жиналған көпшілік қауым! Ұстаздар, балалар. Бүгін бізде айтулы мереке. Жас қала, Ару қала, Арман қала – мемлекетіміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласының туған күнін тойлаудамыз.
Ведущий: Дорогие ребята, сегодня у нас торжественный день мы празднуем День Рождения Нұр-Сұлтан.
Гимн: «Менің Қазақстаным»
Жүргізуші: Енді бүлдіршіндеріміздің Нұр-Сұлтан қаламызға арналған жылы лебіздеріне берсек. Алғаш болып мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері бастап берсек деп отыр. Қошеметтеп ортаға шақырайық.
Бала: Ел ордам менің –Нұр-Сұлтан
Осында жаңа бастама
Сәулетті зәулім үйлер көп
Көрікті сондай жас қала
Бала: Астанама қарашы
Елімнің жас қаласы
Неткен ұлы, неткен кең
Қазағымның даласы
Бала: Алтын күннің астында,
Желбірейді т уымыз
Қазақ деген халықтың,
Ұлы менен қызымыз.
Бала: Арайлы таң астанам
Бір өзіңмен мақтанам
Есіл өзен бойымен,
Көркейген менің жас қалам.
Бала: Нұр-Сұлтан - это молодость Казахстана
Нұр-Сұлтан – это сердце степей!
Нұр-Сұлтан – это сила и слава
Это мощь и надежда людей!
Ребенок: Этот город мы любим и славим,
Все построено здесь на века,
Пусть растет она, становится краше,
Чтоб жизнь здесь была хороша!
Ведущий: А теперь наши джигиты танцует.
Би: «Жалаушамен»
Ведущий: День столицы празднуют не только жители столицы, а также все города Казахстана. Ребята,какие города Казахстана вы знаете? Сейчас узнаем поиграв в игру:«Города Казахстана»(с мячом)
Игра: «Города Казахстана»
Таңқаларлық сәт: Белін ұстаған,шаршаған атай келеді.
Жүргізуші: - Сәлеметсіз бе, ата! Келіңіз! Төрлетіңіз! Шаршаған боларсыз? Мұнда жайғасыңыз!
Ата: - Ой шаршағаным ай! Су болса, су беріңдер! Мына күннің ыстығы өтіп бара жатыр.
Жүргізуші: - Ата қайдағы су, одан да қымыз алдырайын. Бүгін бізде үлкен – той. – Астананың туған күні.
- Қазір ата.
- Атайға қымыз әкеліңдер!
Жүргізуші: - Ата енді деміңізді басып біздің бүлдіршіндеріміздің жылы лебіздерімен өнерлері бар соны тамашалаңыз.
Ата: - Кәнекей отырсам отырайын.
Жүргізуші: Жылы лебіздерін айтуға ортаға ересек ересек тобының бүлдіршіндері келіп қалыпты солардың лебіздерін тыңдайық.
Бала: Ел ордам менің – Астана
Астанам менің бас қалам,
Зәулім-зәулім үйлер көп
Өркендеген - Астанам
Бала: Арайлы таң астанам
Бір өзіңмен мақтанам
Есіл өзен бойымен,
Көркейген менің бас қалам.
Бала: Отан – сөнбес күніміз
Отан – туған жеріміз
Отан – ортақ үйіміз
Отан ән мен күйіміз
Бала: Астанама қарашы
Елімнің жас қаласы
Неткен ұлы, неткен кең
Қазағымның даласы
Бала: Ардақталды Астанам,
Мәртебелі бас қалам.
Көркейе бер күн сайын,
Алға қарай, бас қадам.
Ребенок: Помнить буду тебя я всегда,
Нет любимей родимого края,
Где б я ни был в других городах,
Нұр-Сұлтан, не забуду тебя я!
Ребенок: Но скитаний пройдут времена,
Я вернусь и скажу, сердцем тая:
Здравствуй, здравствуй, моя Нұр-Сұлтан!
Здравствуй, здравствуй, столица родная!
Жүргізуші: Көрікті шексіз даласы бар,
Бау – бақша белі бар
Өзені мен көлі бар
Сәулетті үйі бар.
Ардақта халқым – қазақтың жерін – демекші келесі кезекте
Ән: «Отан - ана»
Әні мен сөзі: Айгүл Досмағамбетова.
Жүргізуші: Келесі кезекті мың бұралған қыздарымыздың Нұр-Сұлтанның туған күніне тартулаған биін тамашалайық.
Би: «Лентамен»
Ведущий: В какой Республике мы живем?
Как называется наш город?
Кто управляет нашим государством?
Назовите нашего Первого Президента?
Назовите нашего действующего Президента?
Какой город является столицей Республики Казахстана?
Правильно ребята, молодцы!
Ведущий: А теперь я предлагаю поиграть!
Игра: «Бәйтерек»
Жүргізуші: Кдомтартылып барлық өлең айтылсын,
Ана күліп өткен күнді ойға алсын.
Басқа тойды тойламасаң тойлама,
Астананың туған күні тойлансын!
Би: «Алға Қазақстан»
(Қ.Нұртастың орындауындағы ән)
Ата: - Ой бәркелді балалар! Қане қолдарыңды жая қойыңдар, сендерге батамды берейін.
Бата: Ала биең құлындап,
Алатауға сыймасын!
Үйіңнің алды той болсын,
Қораң толы қой болсын.
Октябрьыңда қайнаған.
Кілкілдеген май болсын.
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан.
Мал менен басың тең өсіп,
Кетпесін басыңнан дәулет!
Әумин!
Ата қоштасып шығып кетеді
Жүргізуші: Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жатқан елміз
Елімізден шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәм-тұзымызды ақтай білген елміз.
Сөз қадірін білген елміз.
Ведущий: Расцветай, великая страна,
Расцветай, любимая Столица.
На Земле такая ты одна!
Будем мы всегда тобой гордиться!






