12
июль
2022
"Ұлттық ойын әлемінде!"
«Ұлттық ойын әлемінде!»
Мектепалды даярлық топтары
Музыка жетекшісі: Тапаева Г.Ж.
Методист: Махамбетамин М.С.
Тәрбиешілер: Кажмуратова М.Б.
Турганова У.Н.
Мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мәдени және рухани құндылықтарды, ұлттық кодты сақтау негізінде балалардың арасында қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау. Қазақтың ұлттық ойындары: қыз қуу, қол күрес, арқан тарту арқылы балалардың бойында ұлттық бірегейлікті сақтау, патриоттық сезімдерін жетілдіру
Міндеттері:
1. Балаларды қазақтың ұлттық ойындары мен таныстыра отырып ойын шартын дұрыс бұзбай ойнауға үйрету.
2. Ойынды ойнау барысында балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін ойын кезінде саусақ қол моторикасын дамыту.
3. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге
Жарыс кезеңдері:
1-кезең «Қыз қуу», 2-кезең: «Қол күресі» сайысы 3-кезең: «Арқан тартыс» сайысы
Сайыстың өткізілу барысы:
1-Жүргізуші: Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – қазақтың ұлттық ойындары. Бүгінде адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп қазақтың ұлттық ойындарын атауға болады.
2-Жүргізуші: Сонымен ұлттық ойындар – ата –бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні жалғастыратын ұлттық мұра.Ойын дегеніміз – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Ендеше, «Ұлттық ойын әлемінде» атты ұлттық-спорттық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
2-команданы ортаға ойынға шақырамыз!
1-кезең «Қыз қуу» ойыны
2-кезең «Ақ серек, көк серек»
3-кезең: «Қол күресі» сайысы
Ережесі: Бұл ойын үстел үстінде екі баланың білек сынасумен орындалады. 2 бала шынтақтарын үстелге тіреп қол бастарын айқастырады. Кім білекті үстелге жықса, сол бала жеңіске жетеді.
4-кезең: «Арқан тартыс» сайысы
Ережесі:.Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жоғарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға 2 команда ойыншылары қатысады. Ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады.
Жеңген команда ойыншылары І, ІІ орымен марапатталады.










